Елде жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 50-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Соңғы екі жылда мұндай топтарды құру мен басқару бойынша 90-нан астам іс қаралып, сотқа жіберілген. Бүгінге дейін 13 ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты шешім шығарылған. Оның нәтижесінде 130-дан аса азамат, 20 жылға дейін «бас бостандығынан айыру» жазасына кесілді. Қазір Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, кешенді іс-шаралар жоспарын жүргізуді қолға алып отыр.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
- Мысалы, «Қармет» АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көп эпизодтық қылмыс бойынша 24 адам әртүрлі мерзімге сотталды. Оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан, оның ішінде трансұлттық сипаттағы қылмыспен күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қылмыстық топ #полиция #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz