RU
Толық нұсқаға өту

Сенат Салық кодексін Мәжіліске қайтаруды ұсынды

23.06.2025, 13:15 437

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жекелеген баптарын қайта қарау қажеттігін мәлімдеп, құжатты Мәжіліске қайтаруды ұсынды.

Бұл жайында бүгін Жоғары палатаның кеңейтілген отырысында айтылды. Депутаттардың сөзінше, Мәжіліс мақұлдаған нұсқаға бірқатар маңызды өзгеріс енгізу қажет. Атап айтқанда, шаруа қожалықтарының табысына да дара кәсіпкерлер сияқты 230 000 АЕК-тен асқан жағдайда 15% мөлшеріндегі жеке табыс салығын қолдану ұсынылады. Алайда қолданыстағы 70% жеңілдікті ескере отырып, нақты мөлшерлеме 4,5% болады. Тағы Қазақстан қор биржасынан түскен дивидендтерді жеке табыс салығынан босату қажет. Бұл KASE мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы салық төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар құны жоғары көлік, кеме мен ұшақ секілді сән-салтанат заттарына ішкі нарықта да салық салу қарастырылған. Бұдан бөлек кемінде 10 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейтін кәсіпорындарды қосымша құн салығынан босату ұсынылып отыр. Сенаттың қаржы және бюджет комитеті осы және өзге де түзетулерді қайта қарау қажет дейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz