Жыл басынан бері батыс қазақстандық 5 мың тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды.
Оның басым бөлігі түнгі уақытта тыныштықты бұзған, рұқсат етілмеген жерде күл-қоқыс тастап, абаттандыру ережесін сақтамаған үшін жазаланған. Осындай қатаң шаралар арқылы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қала тазалығын сақтауға болады, дейді тұрғындар.
БЛИЦ
- Жер-жерде бақылау камералары орнатылғаннан бері, заң күшейгелі адамдардың мәдениетке, көше мәдениетін сақтауға, тазалықты сақтауға қоршаған ортаны соған бір үлкен септігін тигізіп жатыр деп ойлаймын. Заң мен тәртіп бұл жауапкершілік қой ең бірінші.
- Қазіргі таңда қоғамдық орындарда, көшелерде құқық бұзушылық азаюда. Президент тапсырмасы аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты құқық бұзушылықтың азаюына, құқықтық мемлекеттің құрылуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
- Тәртіпсіз ел ел болмайды дейді. Елдің, жердің ішкі тәртібін сақтау арқылы қоғамның дамуына өз үлесімізді қосамыз деп білемін. Әр тұрғын өзінің, жалпы қаламыздың ішкі тәртібін сақтау арқылы қала дамуына үлес қосады деп ойлаймын.
Тегтер #БҚО #тұрғын #айыппұл #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz