RU
Толық нұсқаға өту

Атыраулық полицейлер адам құтқару кезінде қаза тапқан әріптесінің рухына тағзым етті

24.06.2025, 18:00 361

Атырауда бейбіт күннің батыры атанған Шалқар Ақымғалиевті әріптестері құрметпен еске алды.

Ол 2019 жылдың 21 наурызында орталық көпірден суға секірген адамды құтқарамын деп қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан. Марқұм қалалық полиция басқармасына қарасты жол-патрульдік полициясы батальонында қызмет еткен. Тәртіп сақшылары Жайық өзенінің жағасындағы қайғылы оқиға болған жерге барып, батыр рухына тағзым етті. Ол III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Сондай-ақ бүгінде Шалқар оқыған «Береке» ауылындағы және Құлсары қаласындағы орта мектептерде «Ақымғалиев атындағы кадет сыныбы» ашылды.

Өсер Жәңгірханұлы, ҚПБ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Біз, Шалқардың әріптестері, қызметкерлерімізді осындай ерлік жолымен тәрбиелейміз. Шалқар -жәй ғана полиция қызметкері емес, ол өмірін өзгені құтқаруға арнаған нағыз қаһарман. Оның ерлігі біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады. Онан басқа да оқыс оқиғаларда өзін шынайы көрсете білген өз қызметіне адал қарайтын тәртіп сақшылары да аз емес. Бұл біздің қызметіміздің жауапкершілігі мен маңызын көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz