RU
Толық нұсқаға өту

Астанада коммуналдық қызмет цифрландырылып жатыр

24.06.2025, 18:43 415

Бас қаланың тазалығына жауапты мекемелер цифрландырылып жатыр.

Мәселен, коммуналдық мекеме тазалаушы техниканың жұмысын онлайн бақылай алады. Арнайы жүйе көліктің бағыттан қиыс кетіп, тиісті аялдамаға тоқтамағанын, тіпті жүргізушінің әңгімесін тіркеп отырады. Жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Автопарк бағдарламаны жыл соңына дейін толық енгізбек. Кадр мәселесіне де көңіл бөлінген. Елордадағы колледждердің бірімен меморандум жасалып, студенттерге ақылы түрде тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі. Алыстан келетін қызметкерлерге 35 орындық жатақхана салынған. 

Замир Сағынов, «Астана тазалық»  ЖШС Бас директоры:

- Қазір меморандумға қол қойдық. Қазір келісімшарт келісу үстінде. Осылай нететін болса күзде өзіміздің қызметкерлерге. Әрине ол енді бірден шешіп тастайтын мәселе емес. Дей тұрғанмен, жылына 10-20 қызметкерімізге ипотека алып беріп отыратын болсақ, онда жақсы болады. Бұл ипотеканың қандай несі бар? Біріншіден, бірінші төлейтін жарнасын біз өзіміз мойнымызға аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz