RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен балабақша салынып жатыр

25.06.2025, 11:35 305

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен мүгедектігі бар балаларға арнап 300 орындық балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жобалық құны 8 млрд теңгеге жуықтайтын ғимараттың сәулеті ерекше болмақ.

Жоғарыдан қарағанда гүл бейнесіне ұқсайтын бір-біріне жапсарлас 6 нысаннан тұрады. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады. Балабақша келер жылы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, өңірде қайтарылған активтер есебінен 11 медициналық пункт пен амбулаторияның құрылысы жүруде. Сондай-ақ екі мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған.

Аслан Жарасбаев, Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Қобда ауылындағы мектеп-интернатына және Ырғыз ауылындағы Қалабай ауылындағы мектепке қаражаттар сұраттық. Оқу-ағарту министрлігінен қолдау бар. Енді қаржыны күтудеміз. Егер қаржы келетін болса, олардың да құрылысы биыл басталып, келер жылы аяқтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz