Атырау облысында студенттер үшін ресми түрде жазғы еңбек маусымы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Маусым аясында жоғары оқу орындары мен кәсіби колледждердің 100-ге жуық студенті түрлі еңбек бағыттарына тартылады.
Бүгін Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағында студенттік еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Былтырғы көктемгі тасқын кезінде Атырау мен Құлсары қалаларында бөгет тұрғызу және санитарлық тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық жас жұмылдырылған. Биылғы маусымда «Ауыл» партиясының ұсынысы бойынша Атырау университеті мен аграрлы колледждің студенттері өз мамандықтарына сай өндірістік орындарда еңбек етеді. Еңбек маусымының алғашқы кезеңінде 40 студент жұмыспен қамтылады.
Нұртас Байжанов, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Биыл Атырау өңірінде ашылып жатқан студент жастар жасағының негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамту және жауапкершілігін арттыру. Бұл әрі қарай да жалғасын таба береді. Жалпы бізде 4 бағыт бойынша жұмыс құрылған: механикалық жасақ, экологиялық жасақ, сервистік жасақ, құрылыс жасағы. Әр жасақта 10 баладан қамтылған. Бұл 4 жасақ бойынша 3 жұмыс беруші тартылып тұр.
Тегтер #Ауыл партиясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz