Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардағы қазақстандықтар елге жеткізіле бастады. Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары арқылы Дубай мен Доха қалаларынан 6 рейс орындалды. Дубайдан Алматы мен Астанаға, Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстері қайта жанданып отыр.
Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген сапарлардың жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылып жатыр. Ал Таяу Шығысқа әлі де алты мемлекеттің әуе кеңістігін айналып ұшуға тура келеді.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Доха мен Дубайдан Алматы, Астанаға рейстер орындалып жатыр. Кеше біз ақпарат бердік, 1700-ден астам адамды қамтыдық. Оның ішінде 600-ден астамы Қазақстаннан шетелге шыққысы келетіндер, әсіресе Таяу Шығыс мемлекеттеріне. Ал тағы 1000-нан астамы елге қайтып келгісі келетіндер.
Тегтер #Дубай #Доха #Қазақстан азаматтары #24KZ #рейстер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz