Алаяқтарға тап болған блогерлер құйтырқы әрекеттен сақтану жолдарын айтты. Астанада өткен AFM Online 2025 форумы қаржылық және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған. Шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері мен блогерлер бар. Олар алаяқтыққа қатысты өз басынан өткен оқиғаларды баяндады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп жайлы танымал телехикаялардың актерлері дәл осы тақырып аясында қойылым ұсынды.
Нұрсұлтан Орынбеков, ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Қоғамда жүрген белсенді ретінде әрқашан осындай бастамаларды қолдаймыз. Біз де осы шараның қатарында болғанымыз үшін қуаныштымыз. Әрине, «Заң мен тәртіп» қағидасы елдің болашағын, әлеуетін арттыру үшін де үлкен үлесін тигізеді. Жастар бұл жерден көп айтылған дүниеден бір ғана ұғымдарды бойына сіңіріп, оны түсініп кететін болса, ол үлкен жетістік деп ойлаймын.
Тегтер #Блогерлер #алаяқтардан сақтану жолдары #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz