Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға Үкімет резервінен 2,8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Шаһардағы жылу желілерінің ұзындығы 400 шақырымға жуықтайды.
Алайда олардың 56 пайыздан астамы тозған. Тиісті ресурстар да айтарлықтай ескірген. Қазір жаңғырту жобасына сәйкес, құбырлардың диаметрі өсіп, желілердің ұзындығы 12 мыңнан астам шақырымға дейін ұлғайтылды. Мамандар бұл жұмысты жалғастырады.
Тегтер #Жезқазған #жылу желілері #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz