RU
Толық нұсқаға өту

Жыл соңына дейін 107 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізіледі – вице-министр

26.06.2025, 17:35 384

Биыл елдегі вегетациялық кезеңді ойдағыдай өткізу үшін 12 млрд текше метр су алу жоcпарланған, деп хабарлайды 24kz.

Оның 97%-і оңтүстік өңірлердегі ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға жұмсалады. Қазіргі таңда «Қазсушар» мекемесі 4,8 млрд текше метр су бөлді. Қалғаны егін науқаны аяқталғанға дейін беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров мәлімдеді. Оның айтуынша, тіршілік нәрін ысырап қылмай, керісінше үнемдеуге көшкен шаруаларға қолдау бар. Мұндай технологияны қолданатындар үшін шығынның 80 мемлекет өтейді. Соның арқасында бүгінде 5 өңірде тамшылатып, жаңбырлатып және лазерлік жоспарлаумен суарылатын алқап көлемі 81 мың гектардан асқан.

Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:

- Республика бойынша 470 мың гектар су үнемдеу технологиясы енгізілген суармалы жерлер бар. Одан бөлек, жыл басынан бері 84 мың 300 га жерге тағы да енгіздік. Жылдың аяғына дейін 107 мың гектар тағы енгізуді жоспарлап отырмыз. Жылдың аясына жалпы республика бойынша суармалы жерлердің су үнемдеу технологияларын қолданатын жерлердің көлемін 500 мың га астам енгізуді жоспарлап отырмыз.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz