RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте контрафактілік тауар тәркіленді

27.06.2025, 08:20 365

Шымкентте атауы заңсыз пайдаланылған контрафактілік тағам сатылымнан алынды, деп хабарлайды 24KZ. Әділет және Экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің тексерісі нәтижесінде құны 7 миллион 311 мың теңге болатын 26 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Қаптамада өндіруші туралы нақты ақпарат көрсетілмеген. Сондай-ақ сапа және қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Күдіктіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мамандандырылған ауданаралық сотында тәркіленген өнімдерді жоюға шешім шықты.

Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан құны 18 миллион 500 мың теңге химиялық және косметикалық заттар, тұрмыстық техникалар мен автокөлік бөлшектері тәркіленген. 

Мұхтар Әбдезов, қалалық Әділет департаментінің бөлім басшысы:

- Контрафактілік өнімдер ең бірінші адамның денсаулығына зиян болады. Бүгінгі таңда көбінесе осындай тағам өнімдерін шығаратын құқық иегерлері өз тауарларының құқығын қатты қорғап отыр деп айтсақ болады. Себебі олардың арыздары көптеп түсіп жатыр. Департамент тарапынан тергеп-тексеру амалдары болмағанымен, осындай арыз-шағамдардың негізінде тексеру жүргіземіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz