RU
Толық нұсқаға өту

Ескі көліктерге арналған салық жеңілдігі енгізілді

27.06.2025, 19:50 449

Елде 4 миллион қазақстандық жүргізуші ескі көліктері үшін салық жеңілдігін алады.

 Жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізілді. Жоспарға сәйкес, құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі керек. Көлік неғұрлым ескі болса, жеңілдік соғұрлым көп болады. Атап айтқанда, 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктерге – 30%, ал 20 жылдан асқан автокөліктерге 50% жеңілдік қарастырылған. Жаңа Салық кодексі парламенттің биылғы отырысында қаралған ең маңызды және өзекті құжаттардың бірі болды. Ол Мәжіліске өткен жылдың қыркүйегінде ұсынылған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz