RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда тәрбиешілер балаларды ұрып соққан

30.06.2025, 17:00 344

Қостанайдағы түзету және дамыту орталығының қызметкерлері ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып соққан.

Олардың бұл әрекеті бейнебақылау жазбалары жарияланғанан кейін әшкере болды. Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Мемлекет басшысы «балалар құқын қорғау жүйесін жетілдіру - негізгі міндет» деп тапсырды. Осыған байланысты балаларға қандай бір қиянат жасағандарға қолданылатын жаза қатаңдатылды. Ата-аналарға да қойылатын заң талаптары күшейтілді.

БЛИЦ 

- Ата-аналардың жауапкершілігінің күшеюі белгілі бір деңгейде оң әсерін беріп жатыр деп ойлаймын. Себебі бұрын тек баланың өзінің әрекетіне ғана назар аударылса, қазір ата-анада заң алдында жауап беретінін біледі. 

- Ата-ана баласының немен айналысып жүргеніне, кіммен араласатынына мән берсе, уақытылы бақылап, дұрыс бағыт-бағдар берсе, ол қылмыстың алдын алады.

- Өзімізде қоғамда жиі көріп жүрміз. Әсіресе қоғамдық көлікте кішкентай балалар кәмелеттік жасқа толмаған болсын немесе жасөспірім болсын, жаңағы оларды артық орын болмауына байланысты түсіріп тастау секілді, міне осы ретте бұған байланысты заңдардың күшейтетіндігі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz