RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында ₸5,9 млрд қайтарылған активке 51 меднысан салынады

01.07.2025, 11:25 370

Қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында 51 медициналық нысанның жобасы қаржыландырылды, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бұл бағытқа 5,9 млрд теңге жұмсады. Бүгінде кейбір нысандардың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады. Оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бар. Бұл жобалар шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттырмақ. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ел бойынша 655 нысан салу жоспарланса, қазір соның 480-і пайдалануға берілді.

Меруерт Ыдырысова, құрылыс ауылының тұрғыны:

- Мен мынаны салып жатқаннан бастап келіп, бақылап жүрдім. Маған өте ұнады. Әйелдерге де, балаларға да бәріне кабинеттер ашып жатыр екен. Өте қолайлы. Қалаға бармаймыз енді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz