Елде суды есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылады, деп хабарлайды 24kz.
Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі саланы цифрландыру шаралары туралы баяндады. Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, Ұлттық су ресурстары ақпараттық платформасына спутниктер мен гидробекеттерден бастап, статистика мен есепке алу құралдарына дейінгі деректер енгізіледі. Сонымен қатар 3,5 мың шақырымнан астам суару инфрақұрылымын жаңғырту және каналдарды кезең-кезеңімен автоматтандыру жұмыстары басталды. 2027 жылға дейін су есептеу жүйелерін толық цифрландыру жоспарланып отыр. Жобаларды әзірлеу барысында отандық өндірушілерге басымдық беріледі.
Тегтер #су #бірыңғай жүйе #Үкімет отырысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz