RU
Толық нұсқаға өту

Ауызсу жобаларына қайтарылған активтен ₸160 млрд бөлінді

01.07.2025, 13:37 466

Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған 230-ға жуық жоба қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады, деп хабарлайды 24kz.

Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Олжас Бектенов айтты. Премьер-министр елді мекендерді сумен қамту басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – өте маңызды міндеттердің бірі. Ол Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұр. Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін ауызсумен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы барлық жобаларды іске қосуды қамтамасыз етсін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz