RU
Толық нұсқаға өту

Алматылық ғалымдар су тазартудың жаңа тәсілін ойлап тапты

01.07.2025, 13:57 345

Еліміздегі су көздері ластанып жатқаны жайлы дабыл қағылғалы біраз болды, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, өндіріс ошақтары көп аймақтарда бұл мәселе үдеп, тұрғындар денсаулығына қатер төндіріп отыр. Сәтбаев университетінің ғалымдары: «Осы қауіптің бетін қайтаратын амал таптық», - дейді. Олар қарапайым саз балшық пен күмісті қосып, жаңа технология жасап жатыр.

Менің қолымдағы әдімгі қарапайым саз, бірақ бұл зертханада ол жаңа деңгейге көтерілді. Сәтбаев университетінің ғалымдары бентонит сазы мен полимерлерді біріктіріп, суды улы заттардан тазартатын жоба әзірлеуде.

Ортатентек пен Қалжат кен орындарынан алынады. Су тазартатын құм мен химиялық элементтері бар түрлі сүзгінің шыққанына біраз болды. Ал, термохимиялық өңдеуден өткен сазды күміс иондарымен байыту арқылы жасалған жаңа технология солардың бәрінен жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Бұл тәсіл арқылы кәріз суы мен өндірістен шыққан суды екінші мәрте пайдалануға мүмкіндік береді.

Мадияр Бейсебеков, жобаның ғылыми жетекшісі, PHD доктор:

- Жобаның басты мақсаты – саздың бірнеше түрін пайдалана отырып, әмбебап сорбциялық материал жасау. Ол үшін біз бұл сазды декативациядан өткізіп, қышқылмен белсенді қалыпқа келтіреміз. Осылайша, саздың функционалдығы артады. Кейін біз күміс нанобөлшектерін енгіземіз – бұл сазға антисептикалық қасиет береді. Жоба осы жылы аяқталады, ал келесі жылы ірі көлемдегі тағы осындай жұмыстарды жоспарлар отырмыз.

Су ресурстары министрлігінің мәліметі бойынша бізде әзірге ауызсу тапшылығы жоқ. Жыл сайынғы өзен көлдер беретін  қорымыздың өзі 102 текше шақырымға тең. Бірақ үнемдеу керек. Алматыдай алып қаланың өзінен тәулігіне 400 мың текше метр су шығады. Ол механикалық, биологиялық тазартудан өтеді. Десе де, кәдеге жарамай жатқаны да бар. Оған Сорбұлақ дәлел. Жас ғалымдардың қоспасы сорбент немесе ұнтақ күйінде қолданылады. Кейін сүзгі жасап өткізсе кез- келген былғаныш су барлық зиянды элементтен арылып 95%-ке тазарады. Сөйтіп, кәдеге жарайды.

Меруерт Иманбек, PHD докторанты:

- Бұл табиғи қоспалардың адам денсаулығына зияны жоқ. Себебі, бұлар бізде табиғи пентанитті саздан және де биополимерлерден құралады. Бұл жерде, ең бастысы, біз күміс иондарын отырғызу арқылы оны табиғи байытамыз. Осы бойынша біздің денсаулыққа зияны келмейді, керісінше, судың жоғары деңгейдегі антисептикалық деңгейін арттырады және де оның құрамындағы тек қана ауыр металлдарды ғана емес, оның құрамындағы кейбір бактериялардан да тазартатын болады.

«Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жүргізген сүзгіден өткен өзен, құдық суын секемсіз іше беруге болады. «Қалдық суларды қайыра игілікке жаратсақ, су өзімізге де жетеді, ұрпағымызға да қалады»,- дейді ғалымдар.

Авторлары: Алуа Ералықызы, Сержан Жұмабаев 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz