Биыл сотқа түскен 400 мыңға жуық іс роботтандыру көмегімен тез қаралды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл сотқа түскен азаматтық істердің үштен бір бөлігі. Бүгінгі таңда күрделі емес қылмыстық істерді электронды түрде дәлелдерімен қоса соттың қарауына жіберу жолға қойылған. Еліміздегі электронды үкіметтің дамуы бұл процеске салмақты үлесін қосты. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев арнамыздың «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты. Кей азаматтық істер, санкциялар, шетелге шығуға тыйым салу, әкімшілік құқық бұзушылық сияқты процестер жасанды интеллект көмегімен лезде шешіліп жатыр. Осылайша, сот процесі анағұрлым жеңілдеп, күш пен уақытты үнемдеу мүмкін болды. Сот жүйесінің реформасы жайлы толығырақ Арман Балтабайұлының «Бетпе-бет» хабарынан біле аласыздар. Бағдарлама бүгін сағат 17:30 және 21:30-да арнамызда көрсетіледі.
Тегтер #сот ісі #жасанды интеллект #электронды үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz