RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында қараусыз жүрген малды бақылау күшейді

02.07.2025, 09:15 350

Павлодарлық полицейлер қараусыз қалған төрт түлікті бақылауды күшейтті.

Үйірлі  жылқы,  сиыр  мен  қойлар  тасжолдардың бойында, емін-еркін жайылып жүреді. Мұндай жағдай жол-көлік оқиғаларына себеп болады. Облыс аумағында жыл басынан бері 800-ден астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бойынша тұрғындар малға ие болу керек. Талап орындалмаған жағдайда мал қамалып, айыппұл салынады.

Азамат Күркебаев, ПД жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының м.а.:

- Полиция қызметкерлері күн сайын ауылшаруашылығы жануарларын тасжолдарға және автожолдарға шығуының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Мәселен, «Павлодар-Қызылорда» республикалық деңгейдегі тас жолдарда жол жиегімен еркін жүріп бара жатқан иесіз қара мал анықталды. Бұл жағдай жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері мал иелерін жедел анықтап, оларды мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz