Алматыда «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Бірінші кредиттік бюро» компаниясының басшылары парақорлыққа қатысты айыпталып отыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша компания басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін өткізу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар берген. Олар кезекті 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
- Сарбасов, Омаров және Арғандықов ұсталды. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде қаражат тәркіленді. 2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен А. Сарбасовқа, Р. Омаровқа және Д. Арғандыковқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тегтер #Алматы #лауазымды тұлға #парақорлық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz