Халық санының өсуіне байланысты бас шаһарда учаскелік полицейлердің тапшылығы сезіледі. Бүгінде 100 учаскелік полиция инспекторы жетіспейді. Бұл туралы Сенат депутаттарының патрульдік полиция полкімен кездесуінде айтылды.
Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидасын тиімді іске асыру жолында құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландыру міндеті тұр. Ол үшін қоғамдық тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет. Мәселен, сенаторлар көріп қайтқан патрульдік полиция полкінің ғимараты ескірген. Қазір осы мәселенің шешімі қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, былтыр Астанада патрульдік полицияның 5 фронт кеңсесі ашылған, биыл тағы 14 бөлімше ашу жоспарда бар. Полк командирінің айтуынша, Астанадағы патрульдік полицияға күніне үш мың хабарлама түседі. Оның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол-көлік оқиғалары сияқты өзге де құқықбұзушылықтар бар.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазіргі нормативпен үш мың азаматқа бір учаскелік инспектордан келеді екен, қателеспесем. Алайда халықтың саны өскен сайын инспектор полицияға қажеттілігі одан сайын туындап жатады. Оларды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы бар. Егер де бір жаңадан тұрғын үй кешені салынып жатса, сол салып жатқан кәсіпкерлермен, азаматтармен сөйлесіп, яғни құрылыс кезінде сол жерде учаскелік полицияға бір орын болса екен. Өйткені полиция қызметкерлерінің анда-мында шауып жүргені оңайлыққа соқпайды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Астана #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz