Биыл елімізде 27 мың гектар алқапта 261 орман өрті тіркелді.
Абырой болғанда, мамандар отты дер кезінде ауыздықтап үлгірді. Алайда қауіпті кезең әлі жалғасып жатыр. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздікті күшейтіп, дайындықты нығайтты. Жауаптылардың айтуынша, орман алқаптарында су шашу құрылғылары бар авиация, кезекшілік атқарады. Бүгінде 24 борт дайындықта тұр. Оған қоса 26 орманшылықта күзет бекеті құрылған. Жаңа форматта заманауи техника және жабдықпен қамтамасыз етілген 11 өрт сөндіру бекеті ашылды. Тұтанған отты ауыздықтаумен қатар оның алдын алу да белсенді жүріп жатыр. Биыл өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Ерлан Төрегелдиев, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
- Өрттің алдын алып, ерте анықтауға басты назар аударылуда. «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және геоақпараттық жүйе арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендерде, ормандарда, егін жанында от жағуға тыйым салынады. Сіріңке мен темекіні сөндірмей тастамаңыздар, шыны заттарды лақтырмаңыздар.
Тегтер #орман өрті #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz