Байқоңырдағы ғарыш айлағынан Ресейдің «Прогресс МС-31» жүк кемесі Халықаралық стансаға аттанды.
Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметі хабарлаған. «Союз» зымыран тасығышы құралды Жер орбитасына сәтті алып шықты. Оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні жоспарланған. Кемеге жанар-жағармай, су, тамақ және түрлі жабдығы бар 2,5 тоннадан астам жүк тиелген. Қазір Халықаралық ғарыш станциясында 7 адам бар.
Тегтер #Байқоңыр #ғарыш #жүк кемесі #Прогресс МС 31 #Роскосмос
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz