Елде кейінгі үш жылда қылмыс саны екі есе азайды. Бұл туралы Жетісу облысының тұрғындарымен кездескен бас прокурор Берік Асылов айтты.
Құзырлы орган басшысы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарды атап өтті. Мысалы, биыл прокурорлар 2 милионнан аса адамның құқығын қорғаған. Балалар үйінің түлектері мен әлеуметтік осал топқа жататын 800-ден аса адамның үй алуына ықпал еткен. Шетелге заңсыз шығарылған активті қайтару нәтижесінде 400-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді.
Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:
- Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аумақта инвестициялық жобаларды сүйемелдеп жатыр. Бүгінгі таңда 1200 инвесторға көмектестік. Олардың инвестиция көлемі 17 трлн теңге. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Тегтер #қылмыс саны #Заң мен тәртіп #Бас прокурор #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz