RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл саны артты

05.07.2025, 10:49 325

Көктал ауылының тұрғындары арақтан түбегейлі бас тартты.

 Үлкендердің бастамасын жастар да қолдады. Қостанай облысындағы елді мекенде той-томалақ ішімдіксіз өтеді. Бұзақылық, ұрлық-қарлық тыйылған.

Қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл әдеттен «ащы суға» онша жақын емес еді, дейді жергілікті тұрғындар. Рас, бірлі-жарым тентектері болатын. Сондықтан ақсақалдар тарапынан арақтан ада болайық деген ұсыныс түскенде көпшілік қолдау білдірген. 

Ержігіт Тасболат, Көктал ауылының тұрғыны:

- Қазіргі заманның ағыны, жастарға үлгі болайық деген ауылдың үлкен ақсақалы, имамы бар бәрі жиналып, бір ұйғарым шығардық салауатты өмір сүрейік деп. Көпшілік жақсы қабылдады. Қазір көшелерде арақ ішіп жүрген азаматтарды көрмейміз. Бәрі жұмыста.

Көкталда тұратындардың дені жастар. Ауыл әкімінің айтуынша тұрғындардың орташа жасы 40-45 аралығында. Көшеде асыр салып ойнап жүрген балалардан басқа, бос жүрген адамды кезіктірмедік. 

Дәркеш Дәуренбекова, Көктал ауылының тұрғыны:

- Шешім қабылданғаннан кейін жастардың барлығы еңбекккее тартылды. Бос жүрген жастар жоқ. Барлығы да қазір еңбек жолында. 20-дан 30-жасқа дейінгі аралығы қазір барлығы да еңбек жасап жатыр. Ауылда екі шарауа қожалығымыз. Соларда барлығы жастар жұмыс жасап жатыр. 

Ауылда екі дүкен бар екен. Қадиша апайдың дүкенінде жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, тауарларды әзірге үйінің бір бөлмесіне орналастырыпты. Арақ-шарапсыз-ақ саудамыз жақсы жүріп жатыр –дейді ол. 

Қадиша Ысқақова, Көктал ауылының тұрғыны:

- Біз арақ-шарап деген ештеңе сатпаймыз. Ауылдың тұрғындары не керек деп айтса, соны әкеліп сатып жатырмыз. 0056 Саудамыз жақсы өтіп жатыр. Ол туралы біз ойламаймыз да. Ешкім сұрмайды да. Қазір бізде ауылда да кішкене порядок. Бұрынғыдай ішіп, андай-мындай сұрап деген жоқ. 

Ішімдіктен түбегейлі бас тартқаннан бері ауылда ұрлық-қарлық, бұзақылық деген сап тыйылған. Ауыл әкімі осы жарты жылдың ішінде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмегендігін айтады.  

Марат Таипов, Көктал ауылының әкімі:

- Ажырасу деген ондай жоқ. Үйдегі жанжал үйдегі ондай жоқ. Тыныштық. Мысалы, ұрлық, төбелес, жанжал, ондай жоқ. Тіркелмеген. - Ондайды білмейсіздер? - Білмейміз. 

Қостанай облысында 17 елді мекен халқы өздерін «арақсыз ауыл» деп жариялады. Бұл қатарға қосылуға ниет білідіріп отырған ауылдар әлі де бар. 

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz