Елордада қала күнін тойлау басталып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін жүздеген театр мен цирк әртісі спектакльдер фестивалін ұйымдастырып, Астана көшелерін шерулетіп өтті. Есесіне тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Қала алаңынан басталған салтанатты шеру Орталық саябаққа, яғни, «Атырау» көпіріне дейін жалғасты. Әртістер түрлі қойылым кейіпкерлерінің образын сомдап, елорда көшелерін жаяу жүріп өтті.
Айғаным Рамазан, актриса:
- Мақсаты, біріншіден, бұл – мереке. Қала күні. Осы қалада тұрып жатқан адамдарға қуаныш ретінде, сыйлық ретінде әкімдіктің істеп жатқан мерейтойы. Екіншіден, біз өзімізге қуаныш әкелгіміз келеді. Әртістер көп далаға шықпайды. Өздерінің театрында отырады. Қалаға шығып, халықпен танысып деген сияқты мақсатта жүрміз.
Әртістердің арасында еліміздің өзге өңірлері мен басқа елдерден келген шетелдік өнерпаздар бар. Олардың бұл тосынсыйын күтпеген қала тұрғындары дән риза.
Қала тұрғыны:
- Мына өтіп жатқан шеру өте керемет екен. Жақсы әсерде болдық. Қонақтарға да ұнады. Керемет енді. Дәл уақытында келіппіз. Қуанып қалдық. Келген қонақтарым да қуанып жатыр.
Қала тұрғыны:
- Астана күнін жыл сайын күшті тойлаймыз ғой. Биыл да, міне, ерекше болып жатыр. Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтаймын. Астанамыз көркейе берсін. Ел болашағы жарқын болсын.
Астана тұрғындары мен қонақтары бұл спектакльдерді бүгін кешке дейін Орталықтан саябақтан тегін тамашалай алады. Ал ертеңгі қойылымдар қалалық алаң мен Жетісу саябағында ұйымдастырылады.
Авторлары: Мерей Қанапия, Жандос Битабаров
Тегтер #Астана #қала күні
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz