RU
Толық нұсқаға өту

Көктөбені домбыра үні тербеп тұр. LIVE

06.07.2025, 19:28 359

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Dombyra Party шарасын ұйымдастырды.

Көктөбені домбыра үні тербеп тұрған көрінеді. Халықтың көңіл-күйі қалай?

Алуа Ералықызы, тілші:

- Қазір дәл менің артымда күймен көмкерілген Көктөбе. Ашық аспан астында өтіп жатқан Dombyra Party мерекелік кешіне мыңнан аса қала тұрғыны мен қонақтар жиналды. Бұл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бастамасымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан дәстүрлі жоба. Оркестрдің домбырашылары оннан аса күйді шеберлікпен орындап, ұлттық мұрамыздың қадір-қасиетін көрерменге жеткізді. Сонымен қатар, заманауи форматтағы музыкалық нөмірлер де жастардың ықыласына бөленіп жатыр. Қазір менің жанымда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев тұр.

Медет Қуанышев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры:

Алуа Ералықызы, тілші:

- Домбыра қазақ халқының рухани коды, ұлттың жүрек үні. Зерттеушілердің айтуынша, бұл киелі аспаптың тарихы 6 мың жылдан асады. Осыншама терең тамырдан нәр алған домбыра бүгін де ел рухын жаңғыртып, ұрпақ пен дәстүрді жалғап тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz