RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында 72 дренажды ұңғыма қолданысқа берілді

07.07.2025, 13:49 320

Түркістан облысының Сауран ауданында 72 тік дренажды ұңғыма қазылып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24kz.

Әр ұңғыма 45 метр тереңдіктен секундына 60 литр жерасты суын береді. Бұл егіс алқаптарын қосымша суару үшін қажет. Облыстағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен сала басшысы Нұржан Нұржігітов арнайы барып танысты. Су ресурстары және ирригация министрі Бөген су қоймасына да барды. Нысан бүгінде 67 мың гектар егіс алқабын сумен қамтып отыр. Нұржан Нұржігітов Бөген қоймасы тазартылса, жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік туатынын атап өтті. Шардара су қоймасының түбін тазалау да жоспарда бар екені айтылды. Қазір Ордабасы ауданында 17 дренажды ұңғыма жөндеуден өтіп, 10-ы қолданысқа берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz