RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда екі балалар аурухнасы кеңейтіліп, қайта жаңғыртылады

08.07.2025, 20:36 336

Алматыда екі бірдей балалар ауруханасы кеңейтіліп, қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды 24kz.

Қала әкімдігінің 2026 жылғы жоспарына сай ескі ғимараттар сүріліп, оның орнына қосымша қабылдау бөлімдері бой көтереді. Бұл шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыруға сеп болады. Осы мәселе сенаторлардың Алматыдағы жұмыс сапары кезінде көтерілді. Нақты қай ауруханада орын саны артатады?

Алуа Ералықызы, тілші:

- Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасы 285 орынға шақталған. Мұнда мамандар жоспарлы, шұғыл, реабилитациялық және консультациялық көмек көрсетеді. Жарты жылда мұнда 50 мыңға жуық бала қаралып, 6 мыңнан астамы жатып ем алған. Қызметкерлердің айтуынша, қазір қабылдау бөліміне тәулігіне 300-ге тарта адам келеді. Егер кеңейтетін болса, 1000-ға жуық тұрғынға  қызмет көрсетеді.

Азамат Қуанышев, №2 балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Ауруханада өзекті проблема сол – біздегі қабылдау бөлімі. Себебі, бізде қабылдау бөлімі өте таршылық қылып жатыр. Өйткені қала күннен күнге өсіп жатыр. Балалардың жарақаттары да көбейіп жатыр. Бұрын 15 жасқа дейін болатын болса, балалар қызмет атқаратын қабылдауы, ал қазір 18 жасқа дейін ұзартты. 18 жасқа дейінгі балалардың барлығы бізге келеді.

Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 320 орын бар. Мұнда келетін бала саны күн сайын артып отыр. Сондықтан тағы қосымша 50-ге жуық орын ашылады. Биылғы жылдың өзінде мұнда 360 медициналық консилиум мен 30-ға тарта күрделі ота жасалған. Алайда, мұндағы дәрігерлердің айтуынша, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмекке бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі әлі де жеткіліксіз. Оның Сенат депутаттары да қолдап отыр.

Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Негізі қазір ең басты проблема – бюджеттің жетіспеушілігі. Ең басты қазір қай өңір болсын, біздің өңір немесе басқа бәрінде қаржы мәселесі өзекті, себебі кез келген ауруханаға қазір қаржы жетіспейді. Неге десеңіздер, нарықтың бағасы өсіп бара жатыр, дәрілердің бағасы өсіп бара жатыр. Біз оның бәріне қазір назар аударуымыз керек.

Сенат депутаттары: «Қос мекемедегі бюджет мәселесін реттеу қолға алынады», - деді. Өзекті мәселелер алдағы уақытта Парламент қабырғасында қаралады.

Авторлары: Алуа Ералықызы, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz