Еліміздің жерасты су қорының гидрогеологиялық атлас картасы жасалды.
Алматыда ғалымдар жер асты сулары туралы негізгі деректерді біріктіретін цифрлық геоақпараттық жүйені таныстырды. Бұл сандық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға, әсіресе құрғақшылық жағдайында тұщы судың тапшылығын шешу жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға көмектеседі. Атласты Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Сәтбаев университетінің Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары жасады. Елімізде әлі де ауыз су мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ал жаңа Атлас жер асты су қорларын дәлірек бағалап, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Гидрогеологтар трансшекаралық өзендерге де ерекше көңіл бөліп отыр. Оның қатарында Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл сияқты өзендер бар. Жаңа атлас судың химиялық құрамын бағалаудан бастап, экологиялық жағдайына дейін зерделейді.
Ерғали Әуелхан, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:
- Бүгінгі ұсынылып отырған гидрогеологиялық атлас, карта — Қазақстандағы жерасты суларының қоры, оның таралуы, жерасты суларының кен орындары қай жерде орналасқаны жайлы үлкен ақпарат берілген. Онда жерасты суларының химиялық, экономикалық жағдайы, ластануы, қалыптасуы, таралуы сияқты ғылыми негізде берілген тұжырымдамалар бар.
Тегтер #Елімізде #жерасты су қоры #карта #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz