Бүгін – Ветеринариялық қызметкер күні. Кәсіби мереке былтырдан бастап аталып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінде бұл салада 15 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында талмай еңбек етіп келеді. Қазіргі заманғы ветеринария сан саланы қамтиды. Бұл – жұқпалы аурулардың таралуын бақылауды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін, тамақ өнеркәсібін санитарлық-гигиеналық қолдауды және экожүйелерді қорғауды қамтамасыз ететін тұтас жүйе. Ветеринария мамандары жануарларға да, адамдарға да қауіп төндіретін эпидемияның алдын алуда шешуші рөл атқарады.
Тегтер #Ветеринариялық қызметкер күні #кәсіби мереке #мамандар #эпидемия #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz