RU
Толық нұсқаға өту

Астанада жалақы мөлшерін индекстеу әдісі талқыланды

10.07.2025, 20:50 386

Елде жалақы мөлшерін индекстеу әдісі пысықталды, деп хабарлайды 24KZ. Астанада өткен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы бүкілеуропалық өңірлік кеңесінің жазғы мектебінде осы және өзге де мәселелер көтерілді. Оған 50 шақты мемлекеттен кәсіподақтар қозғалысының жетекшілері мен сарапшылар қатысты.

Бельгиялық мамандар жалақыны жыл сайын инфляцияға қарай автоматты түрде индекстеу тетігін таныстырды. Ал қазақстандық кәсіподақ өкілдері жасанды интеллектіні енгізу кезінде жұмыскерлердің құқығын қорғау туралы стандарттарды тілге тиек етті. Айта кету керек, мұндай форум Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отыр.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Өте жақсы тәжірибелердің бірі. Біз де осы мәселені көтеріп жүрміз Үкіметтің алдында жалақыны индекстеу мәселесін заңды түрде бекіту жөнінде. Бірақ біз соны айтып қана қоймай, осындай тәжірибелерді ескере отырып, ой елегінен өткізіп, зерделеп, сондай бір ұсынысты бергіміз келеді. Сондықтан мына жазғы мектептің өз әсері, өз пайдасы, тиімділігі болды деп айтуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz