Шымкентте 28 мың зейнеткер шипажайларда тегін қызмет алуға кезекке жазылған.
Бірақ жылына олардың оннан бірі ғана мемлекеттік квота арқылы емдік сауықтыру шараларынан өтеді. Бұл туралы Мәжіліс депутатымен болған кездесуде айтылды. Данабек Исабек сайлауалды бағдарлама аясында ашылған «Ізетті зейнеткер» мекемесінің жұмысымен танысты. Қариялар үшін қарастырылған медициналық және психологиялық қолдау мүмкіндіктерін көрді. Мәселені шешу үшін жекеменшік мекемелерге әлеуметтік лицензия беру тәртібі мен жолдама аясын кеңейту ұсынылды.
Данабек Исабек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Шымкент қаласында 95 мың қариямыз бар. Мысалы оларға осындай демалыс аймақтарын ұйымдастыруымыз керек, жағдай жасауымыз керек. Бұл жердің мүмкіндігі жылына 3,5 мың ғана адамды қабылдай аламыз деп жатыр. Алдағы уақытта мұны қарастырып, өзім де ұсыныс беремін. Егер бюджет дұрыс болып жатса әрине бір емес үш, төрт жерден ашқан жөн болар деп ойлаймын.
Тегтер #Шымкент #сауықтыру орталығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz