Ақтөбедегі ветеринариялық станцияларға қызметтік автокөлік табысталды.
Облыста бұрын болмаған инсинератор техникасы да сатып алынды. Ел амандығы мен мал шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген мамандық иелерін облыс басшылығы кәсіби мерекемен құттықтады.
Қуаныш Қалбаевтың ветеринария саласында еңбек еткеніне 30 жылдан асқан. Темір қаласындағы техникумды тәмәмдап, ветеринариялық санитардан бастаған ол бүгінде облысқа танымал білікті мал дәрігері. Өңірдің эпизоотиялық ахуалының тұрақтылығына үлес қосып келеді.
Қуаныш Қалбаев, қалалық ветеринариялық станцияның бөлім меңгерушісі:
- Көп шығып жатқан жоқ бізде қазір. Бірең-сараң болады. Азаюына мына жылына екі реттен үздіксіз қан алу, Содан соң қазір үкімет қарасып жатыр ғой. Машина бөліп. Осындай қазір өзгерістерге байланысты ына аурудың азаюы да үлкен себеп бір жағынан.
Ветеринар мамандарға 12 автокөлік табысталды. Шалғай ауылдарда орналасқан мал дәрігерлері пункттеріне жол талғамайтын көлік берілсе, облыс орталығындағы станцияға төрт-түлік өлексесін жоятын жылжымалы кешен – инсинератор техникасы сатып алынған.
Айбек Сембай, облыстық ветеринария басқармасы басшысы:
- 142 бізде ветеринариялық пункт болатын болса бізде 105 пунктке автомобильмен қамтамасыз еттік. Енді 36 ауылдық округке келесі жылға жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қазір әрбір ветстанцияда цифрландыру бойынша қолданатын планшет пен бүкіл қағаздарын солмен жүргізуге болады.
Бұдан бөлек облыста былтыр 11 ветеринариялық пункт салынды. Биыл 247 млн теңгеге тағы 15 ғимарат салу жоспарланған.
Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов
Тегтер #Ақтөбе #мал дәрігері #қызметтік көлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz