Елде жыл сайын мыңнан аса жұмысшы қызмет барысында жарақат алып, 200-ге тарта адам қаза табады.
Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының 27-сьезінде айтылды. Енді бірлестік еңбек адамдарының өндірістегі қауіпсіздігін күшейтуге басымдық береді. Кәсіподақтар жиынына 300 делегат қатысты. Съезд жұмысы Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған арнайы пошта маркасын айналымға енгізу рәсімімен ашылды. Сонымен қатар 5 жылдағы жұмыс қорытындыланып, алдағы уақытқа жаңа қызмет Стратегиясын қабылдау талқыланып жатыр. Бұл құжат алдағы бес жылға кәсіподақ қозғалысының жол картасына айналмақ. Цифрлық және климаттық саясатты дамыту, әлеуметтік қорғауды күшейту басты назарға алынады.
Сатыбалды Дәулетәлі, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
- Алдағы 5 жылға үлкен мақсаттар бар. Бұл еңбек адамының мәртебесін өсіру, жағдайын дұрыстау. Жалпы халықтың күй-жайын алға басуына өзіміздің ықпалымызды әсерімізді тигізу. Цифрландыру, жасанды интеллект деген мәселе бар. Осы жерде де біздің жұмысшылардың, еңбеккерлердің күй-жағдайы қалай болады? Біз оларды осындай өзгерістерді қалай қалыптастырамыз ол мәселені де қарастырамыз.
Тегтер #кәсіподақ #федерация #еңбек қауіпсіздігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz