Елордада рақымшылыққа ілінген алғашқы екі сотталушы бостандыққа шықты, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты олардың жеке істерін қарап, жазадан босту туралы шешім шығарды. Сот отырысында тараптардың дәлелдері тыңдалып, барлық құжат зерделенген.
Естеріңізге сала кетейік, Конституцияның 30 жылдығына орай 662 адамға рақымшылық жасалып, олар түрмеден шығады. Сондай-ақ бостандығы шектелген 3,5 мың азамат жазадан босатылады. Алайда мұндай жеңілдік терроризм, экстремизм, азаптау және жемқорлық баптары бойынша сотталғандарға қатысы жоқ.
Нежника:
- Жаза басып, қателігімнен түрмеге түстім. Қаншама уақытымды темір тордың ар жағында өткізіп алдым. Балаларым қараусыз қалды. Бұл үшін қатты өкінемін. Енді қайтып келмеймін. Күтпеген жерден рақымшылыққа іліндім. Ол үшін қуаныштымын.
Владимир:
- Қателігімді түсіндім. Дұрыс жолға түстім, енді заңсыз әрекетпен айналыспаймын. Түрмеде 1 жылдай отырдым. Жарты жылға жуық уақыт қалғанда рақымшылықпен босатып жатыр. Қуаныштымын.
Тегтер #елорда #рақымшылық #сотталушылар #бостандық #жазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz