Қарағанды облысының су құбыры желілері қайтарылған активтер есебінен жөнделеді. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында өңірге 5,1 млрд теңге бөлінді. Арнаулы мемлекеттік қордың қаржысы су құбыры желілерін салуға және жаңғыртуға жұмсалады.
Жобалар Қарағанды қаласында, Тихоновка, Садовое, Колхозное, Ақтерек, Әлихан ауылдарында, сондай-ақ Көктенкөл станциясында іске асып жатыр. Су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары олардың тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты қолға алынды. Көптеген желі ондаған жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылып келді. Бұл апат пен судың жиі тоқтап қалуына себеп болды. Енді барлық жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, Қарағанды қаласы тұрғындары ауызсумен 99,4%, ал ауыл халқы 97,9% қамтылған.
Тегтер #Қарағанды #су құбырлары #қайтарылған активтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz