RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында 170 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

13.07.2025, 19:30 389

Ұлытау облысында алимент бойынша берешек 300 млн теңгеден асты, деп хабарлайды 24KZ. Бұл 170 адамның қарызы. Олар жұмыстың жоқтығын айтып жауапкершіліктен жалтарған. Сондықтан прокуратура мен «Мансап» орталығы бірлесіп, еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырып жатыр. Кезекті шарада 40-қа жуық мекеме 200-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Бірнеше адам мамандығына сай жұмыс тапты. «Ал ұсынылған жұмыстан әдейі бас тартқан борышкерлерге шара қолданылады», – дейді прокурорлар. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ибрагим Бестайбеков, облыстық прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:

- Қаскөй борышкерлерге қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған орай борышкерлерді уақытылы жұмысқа орналасып, алименттерін төлеуге шақырамыз. Жауапкершілікке тартып қана қоймай, оларға құқықтық көмек беріліп отыр. Жиналыстар өткізіліп жатыр. Психологиялық көмек беріліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz