RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен лагерь ашылды

14.07.2025, 13:13 447

Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайтарылған активтер есебінен  балаларды сауықтыру лагері ашылды.

Қазір  елордалық 200-ден астам бала демалып жатыр. Лагерь орналасқан ғимараттың өзі   2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Балалардың демалысы үшін қандай жағдай жасалып жатыр.  

Балалардың алғашқы легі маусым айының басында келді. Сауықтыру орталығы бір мезетте 200-ден астам оқушыны қабылдайды. Биылғы маусымда екі мыңға жуық бала демалысын осында өткізеді. Жеткіншектер үшін түрлі үйірме ашылып, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

Аруна Айдар, оқушы:

- Бұл лагерьдегі 10-күніміз. Лагерь өте қатты ұнап жатыр. Себебі мен жаңа достар таптым. Және отрядымыздағы арақатынас, вожатыйлармен қарым-қатынасымыз өте жақсы. 

Жәмиля Бәкенова, оқушы:

- Бәрі кружок бар. Домбыра, сурет салуға болады. Ән айтуға болады. 

Қыз балалар ән айтып, би билесе ер балалар спорттық ойындарға қатысады. Робототехникаға да қызығушылық  жоғары, дейді мамандар.  Балық аулап, табиғат аясында демалуға да болады. 

Медет Қожамжаров, балаларды сауықтыру орталығы директорының орынбасары:

- Бізде үлкен топтар арнайы походқа шығады. Сол походта балалар арнайы палатка құруды үйренеді. Эстафеталық жарыстар болады. Сосын балық аулаудан бізде арнайы көл бар. Қармақтар сатып алдық. Күніне 5-6 баладан 2 сағатқа апарып тұрамыз.

Диас Сафаров, оқушы:

- Бізге бәрі ұнап жатыр. Әсіресе таза ауа аясында балық аулау керемет. Бұл үйірме жарыс түрінде ұйымдастырылады. Ең көп балық аулаған балалар арнайы марапатталады. 

Жалпы аумағы 135 гектарды құрайтын демалыс орны 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған. Кейін 2 жыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл маусымда іске қосылды. Айта кетейік, аймақта қайтарылған активтер есебінен төрт ауылда медициналық нысан салынды. Ал Зеренді ауданында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz