Биыл жыл соңына дейін жаңа форматтағы 112 мектеп пайдалануға берілетінін айтқан едік.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі өткен айда хабарлаған болатын. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Білім ордаларының құрылысы онлайн бақыланады. Барлық жұмыс бейнетаспаға жазылып, арнайы платформада жарияланады. Бұл құрылыс сапасын қадағалауға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2024-2025 оқу жылында 254 мың орындық 105 білім ордасы бой көтерді. Өткен жылы бас шаһарда 16, Шымкентте 11, Алматы қаласында 7 «Келешек мектебі» ашылды. Түркістан облысында 13, Ақмола мен Алматы өңірінде 9 мектеп. Ақтөбеде 2, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында 5 білім ордасы іске қосылды. Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарында 4 оқу ошағы пайдалануға берілді. Ал Атырау, Абай және Батыс Қазақстан облысында 3 мектеп оқушыларды қабылдады. Тағы Жетісу, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде бір-бір мектептен ашылды.
Тегтер #Келешек мектептері #Оқуағарту министрлігі #ұлттық жоба #онлайн бақылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz