RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте электр энергиясына шектеу қойылды

14.07.2025, 22:27 482

Шымкентте желіге түсетін жүктемені азайту үшін электр энергиясына шектеу қойылды, деп хабарлайды 24kz.

Осыған байланысты он шағын ауданда жарық уақытша сөндірілді. Аптап ыстықтан тұрғындардың электр қуатына деген сұранысы сағатына 350 мегаваттан 459 мегаватқа дейін артқан. Қазір жылу электр орталығында түрлі апаттың алдын алу үшін турбогенератордың жұмысы да ішінара тоқтатылды. Егер сынап бағанасы 40 градустан көтерілсе, осындай шектеулер қайта енгізіледі. Бұдан бөлек, желідегі жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде электр жарығы жиі сөндірілмек. Себебі өңірде электр желілерінің 57%-і тозған.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- Пайыздық өлшемнің өзінен байқасаңыз, тозу деңгейі өте жоғары. Сол себепті мұндай өшулер жоспарлы жұмыс барысында да, күннің ыстық болуы, жел тұруы сияқты табиғи себептерге де байланысты алда да болатынын мен сіздердің назарларыңызға жеткізгім келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz