RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Елімізде қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық көрсеткіштері төмендеді

16.07.2025, 11:15 316

Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде.

«31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген. Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады. Сондай-ақ эпидемиологтар атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді. 11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz