RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда әкімдіктердің лауазымды тұлғалары заңсыз қоқыс тастағаны үшін жазаланды

16.07.2025, 12:40 399

Мониторинг барысында табиғат қорғау прокуратурасы қала аумағында 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді.

Қалада экологиялық тәртіптің сақталуын бақылау жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz