RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанада лифтілерді тексеру кезінде 132 құқықбұзушылық анықталды

16.07.2025, 14:04 381

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Казлифтконсалтинг» ЖШС сынақ зертханасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бойынша 132 іс қозғалды.

Анықталған фактілерге сәйкес зертхана Кеден одағының КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау жұмыстарын аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштер бойынша жүргізген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына қайшы келеді. Аталған тармаққа сәйкес аккредиттеу субъектілері жұмыстарды тек аккредиттеу саласы шеңберінде орындауға және тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманың сақталуы, әсіресе лифт сияқты техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігі сөз болғанда ерекше маңызды. Біз нарықтың барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының белгіленген заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз, бұл қауіптерді азайтуға және жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Сынақ зертханасына екі миллион үш жүз мың екі жүз жиырма теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz