Батыс Қазақстан облысында егін орағы науқаны басталды.
Диқандар 300 мың гектар алқаптан күздік бидай жинауға кірісті. Дала жұмыстарына алғашқылардың бірі болып Бәйтерек ауданының шаруалары шықты.
Қырманға техникасын шығарғандардың бірі — Бейбіт Асанов. Биыл ол 2,5 мың гектарға күздік дақыл сепкен. Қазір 400 гектарын жинап болған. Айтуыншга өнімділік жаман емес. Гектарынан 15 центнерден айналады. Көктемгі үсік астық сапасына айтарлықтай әсер еткен. Дегенмен биылғы науқанға үмітпен қарайды.
Бейбіт Асанов, серіктестік директоры:
- Көктемде біраз әбігерге түстік. Күн ерте жылынып, кейін суық болды. Бұған қарамастан бидай сапасы жаман емес. Жақсы күздіктер бар. Осы күнге дейін 410 гектар қызыл тұқымды бидай ордық. Дақылдың бір гектарынан 20 центнерге дейін өнім алдық.
Шаруашылықтың қарамағында 15 мың гектар жер бар. Күздік дақылдардан бөлек, жаздық және майлы дақылдар бар. Сыйымдылығы 20 мың тонна болатын астық сақтау қоймасы сақадай сай тұр. Жалпы Бәйтерек ауданының диқандары қамбаға 54 мың гектар күздік бидай құяды деген жоспар бар. Ал облыс бойынша 633 мың гектар жерге егін егілді. Оның жартысына жуығы – дәнді дақылдар.
Кеңес Қайдашев, Ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Қазір 18 мың гектардан егін жиналып, орташа өнімділік 20 центнерден шығып жатыр. Егер күздік бидайды алып қарасақ, оның орташа өнімділігі 24 центнерден айналып жатыр. Ал арпа 30 центнер шамасында. Жалпы дақылдардың өнімділігін көпжылдық орташа көрсеткіштер төмен болмайды деп болжап отырмыз.
Қазірдің өзінде 8 астық қабылдау кәсіпорны алғашқы өнімді қабылдауға дайын. Олардың жалпы сыйымдылығы шамамен 600 мың тоннаға жетеді. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы техникасы мен жанар-жағармай қорын дайындап қойған.
Берік Сейітқазиев, Ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Күзгі дала жұмыстарына үкімет тарапынан 11 800 тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі таңда оператор айқындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ күзгі дала жұмыстарын толық қамтамасыз ету мақсатында дизель отымен көктемгі дала жұмыстарынан қалған 1 900 тонна дизель отына облыс шаруашылықтарына қайта бөлініп, литрі 254 теңгеден Орал қаласына жіберілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жақын арада алқаптардан өзге дақылдарды жинау жұмыстары басталады. Осы ретте шаруаларды қолдау шараларына 2,6 млрд теңге субсидия бөлінді.
Альбина Құмарғалиева, Қалыбек Ақрап, Эльдар Аюпов 24KZ
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҚО #диқандар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz