RU
Толық нұсқаға өту

Бес балалы отбасылар жәрдемақы алмайды - FAKE

17.07.2025, 09:45 439

Әлеуметтік желіде алтаудан аз баласы бар отбасылар жәрдемақы алмайтыны жайлы хабарлама тарады. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми мәліметі бойынша, елде төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға «көпбалалы отбасы» мәртебесі беріледі. Олардың табысына қарамастан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 4 баладан 7 балаға дейін 16 мен 28 айлық есептік көрсеткіш аралығында төлем тағайындалған. Ал 8 және одан көп баланың әрқайсысына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат беріледі.

Жәрдемақы мөлшері

4 балаға – 16,03 АЕК немесе ₸63 030

 5 балаға – 20,04 АЕК немесе ₸78 798

6 балаға– 24,05 АЕК немесе ₸94 565

7 балаға – 28,06 АЕК немесе ₸110 332

8 және одан көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға ₸15 728

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz