Заңсыз қаржылық құрылымдарға екі мыңнан астам адам бір миллиард теңгеге жуық ақша салған. Ең ірі пирамида Щучинск, Степногорск және Атбасар қалаларында тұтынушылық кооператив ретінде жасырын жұмыс істеген.
Құқық қорғау органдары пирамида филиалдарының қызметін ұйымдастырған 12 күдіктіні ұстады. Қазір экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық ұйымдардың заңсыз қызметінің алдын-алу жұмысын жүргізіліп жатыр.
Сәкен Мұшағалиев, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:
- Биыл біздің департамент әлеуметтік желілерде қаржы пирамидаларына қатысты 8 топ пен аккаунтты бұғаттады. Бұл топтарда 1 953 қатысушы болған. Сонымен қатар, «Кибербақылау» ақпараттық жүйесіне қаржы пирамидаларын насихаттайтын 421 сілтеме бұғаттауға енгізілді. Қазір оның 396-сы бұғатталды.
Тегтер #Ақмола облысы #қаржы пирамидасы #Құқық қорғау органдары #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz