Биылғы суару маусымы оңтүстік өңірлерде жауын-шашынның аз түсуіне байланысты қиындай түсті. Бүгін осы мәселеге қатысты Үкімет басшысы вегетациялық кезеңнің барысына арналған жиын өткізді. Қазіргі уақытта елдегі су қоймаларындағы су көлемі – 19 млрд текше метрден асып тұр.
Суармалы судың 98%-ын оңтүстіктегі бес өңір пайдаланады. Бұл аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады. Бекітілген жоспарға сәйкес, –Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына биыл 10 млрд текше метрден астам су берілмек. Әзірге 7 млрд текше метрі жұмсалған, вегетациялық кезеңнің соңына дейін тағы үш млрд текше метр су берілмек. Айта кетерлігі, Түркістан өңірінде ылғалды көп қажет ететін дақылдар рұқсатсыз егілген.
Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде суды заңсыз пайдаланудың фактілері анықталған. Олжас Бектенов қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалануды және мұндай фактілерге жол бермеуді тапсырды. Түркістан облысы әкімдігіне халықты үздіксіз сумен қамтамасыз етуде тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелді.
Тегтер #Түркістан #үкімет басшысы #шаруалар #су қоймаларыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz