Елімізде соңғы 6 айда туберкулезбен ауыратындар саны азайды. Сырқаттанушылық көрсеткіші 13,9 пайыздан 16,1%-ға төмендеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары хабарлады.
Ақпарларынша, жыл басынан бері алдын алу шаралары мен заманауи емдеу әдістері белсенді жүргізілген. Нәтижесінде індеттен келетін өлім деңгейі 20%-ға түскен.
Қазіргі таңда республика бойынша туберкулезге қарсы қызмет жедел диагностика тәсілдерін белсенді енгізіп жатыр. Мұнымен қоса, жаңа дәрі-дермектер мен емдеу схемалары жүйеге қосылған. Бұл шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты жақсартуға мүмкіндік бермек. Бүгінге дейін анықталған туберкулез инфекциясы бар 8633 адамға профилактикалық ем жүргізіліпті. Сондай-ақ, қауіп тобындағы 600 мыңнан астам науқас флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен.
Мәлік Әденов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:
- Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи жылдам молекулалық-генетикалық әдістері енгізілді, бұл туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік сезімталдығын 2 сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл емдеуді бастамас бұрын уақытты едәуір қысқартуға және аурудың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Тегтер #туберкулез #сырқат #көрсеткіш #Денсаулық сақтау министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz